Жаңалықтар
2023 жылдың 26-қыркүйегінде «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық — шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі 12 секция (1. Қазақ тілі мен әдебиеті; 2. Орыс […]
Байқаудың қашықтықтан облыстық кезеңі қыркүйек айында Оқушылар сарайында өтті. Байқаудың басты мақсаты-дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу. Облыстық байқауға Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Шарбақты аудандарынан, Тереңкөл және Аққулы аудандарынан аудандық және қалалық турлардың 85 жеңімпаз баласы қатысты. Железин ауданы «Жақсылық керуені» және «Қайта өрлеу […]
26 қыркүйекте веб-сайтты толтыруға жауапты тұлғалармен «Білім беру ұйымының сайтын толтыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Мақсаты – ұйымның веб-сайтымен жұмыс жасау аясында кәсіби құзыреттілігін арттыру. Вебинарда жұмыстың негізгі принциптері көрсетілді: санаттар, беттер, жазбалар жасау және оларды толтыру.
25 қыркүйек күні №1 ЖОББМ базасында мектеп басшыларымен жиналыс өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер көтерілді: 1. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары туралы — Смагулова Д.Т.; 2. Аудан мектептерінде ҰБДҚ және «Күнделік» ААЖ базасын жүргізу – Касымжанова М. К. 3. Жылыту маусымына дайындық – Кабиева К.К.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Республика Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен белгіленген Еңбек күні жұмысшы кәсіптерін құрметтеу және еңбектің маңыздылығын ерте жастан сезіну дәстүрлерін жаңғырту мақсатында атап өтіледі. Биыл ол 24-қыркүйекте атап өтіледі. Осы атаулы күнге арналған түрлі іс-шаралар Железин ауданының мектептерінде жоспарланып, өткізілді. Оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды. №2 ЖОББМ, Моисеев НЖББМ, Лесной, Алакөл, […]
20 — қыркүйек күні Республика бойынша «Республикалық балалар оқулары байқауының» аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Байқауға оқушылардың жас ерешектеріне сәйкес оқырмандардың жоғары бағасын алған классикалық шығармалары (кітаптар) іріктелді. Кітаптарда ел тарихы, тұлғалар, адами құндылықтары, ұлттық […]
Облыстық білім беру басқармасының басшысы С.О.Айтқазинаның бұйрығымен Алшимбаева Маржан Қадырқызы Железин ауданының білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Маржан Қадырқызы 1968 жылы Новосибир облысы, Қарасук ауданы, Нижне-Баяновка cелосында дүниеге келген. 1991 жылы Новосибир мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді, 2022 жылы Инновациялық Еуразия университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Еңбек […]
2023 жылдың 20-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру» нұсқаулықтарын әзірлеу бойынша республикалық жұмыс тобының мүшелері облыстық 2022-2023 жылдарға арналған ББЖМ нәтижелері бойынша мектептерге жетекшілік ететін тәлімгерлер таңдалды, онда «Мектепішілік бақылау білім сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбындағы презентация материалы ұсынылды. МIБ бойынша негізгі сұрақтар айтылды, мектепішілік бақылау, […]
Аудандық білім бөлімінің тәрбие бөлімімен ұйымдастырылған іс-шара М.Дулатұлы ат.№ 3 ЖББОМ базасында өтті. Диалог алаңының жұмысына аудан мектептерінің қамқоршылық кеңестерінің өкілдері, мектеп басшылары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар қатысты. Модераторлар ауданның білім бөлімінің әдіскерлері Н.А.Ермоленко және А.С.Баймикенова болды. Іс-шарада спикерлер ретінде ҰҚК Павлодар облысы бойынша Железин учаскесінің бастығы М.С.Нығманов, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің […]
2023 жылдың 13-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 ББЖМ нәтижелері бойынша іріктеліп алынған жетекші мектептерге жетекшілік ететін аймақтық тәлімгерлермен кездесу өтті, онда жетекшілік ететін 1000 мектеппен жұмыс жасау бойынша тәлімгерлердің басым міндеттері жарияланды және іс-шаралар жоспары ұсынылды. Тәлімгерлердің жоспарда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін мектепшілік бақылау жұмысын үйлестіретініне баса назар аударылды. Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға […]