Жаңалықтар
2024 жылдың 26 қыркүйегінде М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББ мектеп базасында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректордың м.а. Жанбол Жилбаев және жас мамандар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибені жетілдіруге, мамандарды даярлауға және білім сапасын арттыруға бағытталды. Ректордың м.а. құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім стандарттарына қол жеткізу үшін оқу орындары мен […]
26 қыркүйек күні М. Дулатұлы ат.№ 3 ЖББОМ базасында Марғұлан университет 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында Ж. О.Жилбаев, Б. А. Нурмагамбетова, А. К. Мурзатаева, Г. Б. Таженова, Г. К. Байжунусова, Б. Н. Абдрахманов сынды болашақ түлектердің алдында MU командасы сөз сөйледі. Сондай-ақ жас мамандары – Марғұлан университетінің түлектерімен кездесу өтті.
26 қыркүйекте «Арман» СК-де ҰМЛ аясында 7-8 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Башмашын ЖОББМ; 2 орын – №1 ЖОББМ; 3 орын – №2 ЖОББМ.
Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2024 жылғы 25 қыркүйек күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар […]
ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Железин ауданында 26 шағын орталық, 2 балабақша жұмыс істейді. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттер құрылып, жұмыс істейді. Консультациялық пункттер балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін отбасы мен тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылды. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары тәрбиешілер, […]
2024 жылдың 20-қыркүйегінде «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық — шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі 12 секция (1. Қазақ тілі мен әдебиеті; 2. Орыс […]
Өзара әрекеттестік және кәсіби ынтымақтастық туралы келісім аясында 20 қыркүйекте дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі Железин ауданындағы мектеп басшыларының орынбасарлары мен мұғалімдеріне педагогикалық кеңес өткізді. Кездесу барысында келесі тақырыптар ұсынылды: математикадан ББЖМ-ға дайындық кезіндегі мұғалімнің жұмыс жүйесі; ББЖМ және қорытынды аттестацияға дайындық бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі; қазақ тіліндегі ББЖМ-ға дайындық бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі; МIБ-жылдық […]
Дарынды балаларға біржолғы ақшалай сыйлық және «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын алуға, керемет қабілеттерін көрсетуге ұсынылған материалдарды іріктеу жұмыстары жүргізілді. «Тәуелсіздік ұланы» сыйақы алуға қабілеттерін көрсеткен дарынды және дарынды балаларға біржолғы ақшалай сыйлық алу үшін ауданның 8 мектебінен 10 оқушының материалдары аудандық кезеңіне ұсынылған болатын. Оқушылардың құжаттарына сараптама жүргізу барысында 4 оқушының жетістігі ережеге сай және «Тәуелсіздік […]