Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 2 сәуірде қашықтық форматта «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты-жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын-Бекжанова Н.А. (№1 ЖОББМ);
2 орын-Ахметова Г. Е. (Ш. Уәлиханов ат.ЖОББМ);
3 орын-Ильясова Ж. А. (№2 ЖОББМ); Жұман М.М. (№2 ЖОББМ); Сағадатова Д.С. (Ш. Уәлиханов ат.ЖОББМ).

Облыстық кезеңде 1 және 2 орын алған 2 педагог ауданымыздың атынан қатысады.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!