Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 10 мамырында № 1 ЖОББ мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында аудан мектептерінің басшылары, басшы орынбасарлары, пән мұғалімдері және 11 сынып оқушылары үшін ИнЕУ өкілдері семинарлар өткізді.

Мектеп басшылар,мектеп басшылар орынбасарлары мен мұғалімдер үшін оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Ғылыми зерттеу әдістемесі» семинарын филология ғылымдарының докторы, профессор, ИнЕУ тәрбие жұмысы және маркетинг жөніндегі проректоры Бейсембаев А.Р. өткізді. Ол оқушылармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері және ғылыми жобаның құрылымы туралы айтып берді.

11 сынып оқушыларымен ИнЕУ педагогтары мамандық алу үшін қажетті дағдылар бойынша семинар өткізді. Сонымен қатар, балалар ИнЕУ білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен ҰБТ -2024 форматы туралы білді.