Ашық мектеп» жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 мамырында Железин ауданының №2 ЖОББМ базасында «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері-оқытудың ерекше немесе баламалы әдістері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Модератор: Уралтаева Аягоз Канатовна-білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері . Аягоз Канатовна «ЕББҚ бар балаларға арналған жеке білім беру жоспарын жоспарлау және жасау» тақырыбында презентация көрсетіп, сөз сөйледі. Семинар барысында Павлодар қ. №26 ЖОББМ басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кисиль В.П. сөз сөйледі. Валентина Петровна әріптестерімізбен инклюзивті оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұдан әрі Железин ауданы мектептерінің педагогтері А.С.Вагнер — «Светлячок» балабақшасының тәрбиешісі, В.Б.Шекеева-«Балапан» сәбилер бақшасының тәрбиешісі, Д.С.Сагадатова-Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ педагог-психологі, Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Х.Баужанова, педагог-психолог М.И.Литвинова, бастауыш сынып мұғалімі Л.М.Кныш, М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ логопеді Р.С.Жолдыбаев ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс шеңберінде өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға сонымен қатар Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің бас маманы және мектеп педагогтері қатысты. Семинар-практикум өте нәтижелі болды. Ашық микрофон барысында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының сертификаттары табысталды.
Железин ауданының білім беру бөлімі ББДИО әдіскері А.К.Уралтаеваға, Павлодар қ. №26 ЖОББМ басшысының орынбасары В.П.Кисильге, сондай-ақ №2 ЖОББМ әкімшілігі мен ұжымына осы семинарды өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.