Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2 мамыр күні №1 ЖОББМ базасында ерлік сабағы және аудан мектептерінің оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Айбын-2024» сайысы өтті. Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған іс-шаралар.

Іс-шараның қонақтары: интернационалист-жауынгер Абжалилов А.У., «Керегежар» шекара бөлімінің мобильді тобының бастығы аға сержант Каппасов Б.Г., Железин аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және әскери емес жұмыс қызметінің бастығы Гулеватый В.М. Олар әскери борышы туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысқандардың жалпы саны – 26 оқушы.

№1 ЖОББ мектептің АӘжТД мұғалімі Жилкишиев А.Е. өмірбаянын баяндаса, №1 ЖОББ мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Ж.Танарбергенов С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың ерліктеріне тоқталды.

Нәтижесінде оқушылар өздеріне дамыту қажет ең маңызды қасиеттерді анықтады: батылдық, жауапкершілік сезімі, көмекке физикалық және моральдық дайындық және қамқорлық.

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Айбын-2024» жарысының қорытындысы бойынша: 1 орынды №1 ЖОББМ командасы, 2 орынды Новомир ЖОББМ командасы иеленді.