2023 жылдың 22 қарашасында «№1 ЖОББМ» КММ базасында көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған «Нәтижелі қызмет жағдайында оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында жоғары нәтижелі семинар-практикум өтті.
Онда шеберлік сағаттарын көрсете отырып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті, акварельді бояу техникасы бойынша Филипенко Т.В.(Березовка НЖББМ) және Нукенова Е.В.(Башмашын ЖОББМ), кілем кестелеу бойынша Махметова Д.Ч.(Алакөл ЖОББМ) – кілем тігу, Олифиренко Е.Н. (Буденый НЖББМ) балалармен өнімді іс-әрекетті дамыту саласындағы педагогтардың әдістемелік құзіреттілігін қалыптастыру, баланың, бала мен ересектің, балалар ұжымының бірлескен, дербес іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі көрсетілді. Билялова М.Ж. (Башмашын ЖОББМ) кіріктірілген сабақтар мен қосу үшін ҚМЖ құрастыру, «Көркем еңбек» пәні бойынша бағалау және үй тапсырмасы бойынша курстардан ақпаратпен бөлісті.
Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар айтылды. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда мұғалім сабақ барысында қолданылатын тиімді әдістерді дұрыс пайдалана алу мәселесіне басты назар аударылды. Қатысушылар өткізілген әдістемелік іс-шараның тәжірибелік маңыздылығын , өзектілігі мен өнімділігін атап өтті. Аудандық семинарды ұйымдастырып жағдай жасаған мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.