2024 жылдың 25 мамырында аудандағы барлық мектептерде мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау соғылды. Биыл 11 сыныпты 65 түлек бітірді, оның ішінде 1 «Алтын белгі» үміткері және 10 үздік аттестатқа үміткер.
«Мектебім, саған мың алғыс» мерекесі құттықтау, қоштасу, марапаттау рәсімімен салтанатты жағдайда өтті.
Мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін Отанымыз Қазақстан Республикасының дамуы үшін пайдалану, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.