Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

13 маусым күні М. Дулатұлы атындағы № 3 ЖОББМ базасында мектеп түлектерінің оқу үздіктерін құрметтеу салтанатты рәсімі өтті.

Аудан әкімі А. А. Шайхимов құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді. Айтуған Абылайұлы түлектерді мектептің сәтті аяқталуымен құттықтап, таңдаған мамандығына табыс тіледі.

Биылғы жылы мектепті 11-сыныптың 65 түлегі бітірді, оның ішінде 1 «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері және 10 Үздік аттестат иегері.

Аттестат, «Алтын белгі» төсбелгісі және білім басқармасынан 100 мың теңгеге сертификат № 2 ЖОББМ түлегі А. Давлятоваға табысталды.

Үздік аттестаттар мен планшеттер: № 2 ЖОББМ түлегі Л. Казизова, № 2 ЖОББМ түлегі А. Тугумбаева, № 2 ЖОББМ түлегі М. Шаймарденова, № 1 ЖОББМ түлегі Т. Ерсайн, № 1 ЖОББМ түлегі Д. Игнатенко, № 1 ЖОББМ түлегі А. Ишимова, № 1 ЖОББМ түлегі А. Нуртазинова,М. Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ түлегі Өмірбек С., Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ түлегі Темірболат А., Веселая роща ЖОББМ түлегі А.Дунаевқа табысталды

Білім бөлімінің беру басшысы Алшимбаева Маржан Қадырқызы ата-аналарға балалардың мүдделерін қолдағаны және түсінгені үшін, олардың лайықты тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.