Республикалық қайырымдылық акциясын іске асыру мақсатында Железин ауданының білім бөлімі
келесі жұмыстарды жүргізуде:
— Білім беру объектілерінің сайттарында «Мектепке жол» акциясының басталуы туралы анонстар орналастырылды, ауданның мемлекеттік органдарына, ЖШС, ШҚ және т. б. осы акцияға қатысу туралы шақыру хаттары жолданды.
— Азаматтардың жедел әрекет етуі үшін «жедел телефон желілері», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
— «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша аудандық іс-шаралар жоспары әзірленді.
Оқу жылының басында аз қамтылған отбасылардан шыққан 547 оқушыға мектеп формасымен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге ата-аналарының шоттарына аудару арқылы 25,8 млн.теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді.
2023 жылғы 19 тамызда сағат 09.00-де «Мектеп жәрмеңкесін»өткізу жоспарлануда. Кеңсе тауарларын, мектеп керек-жарақтарын және т. б. сататын кәсіпкерлер шақырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Бас директоры М.Т. Тұрғынбаев 2 жыл ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 1-сынып оқушыларына арналған мектеп рюкзактары мен мектепке керек-жарақтарының жиынтығы түрінде демеушілік көмек көрсетілуде.
Ағымдағы күні демеушілік көмектің арқасында, акция арқылы 202 оқушыны қолдауға қол жеткізді, жалпы сомасы 632,4 мың теңгені құрайды.