Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

27 мамыр күні «Менің бастамам – менің Отаным» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен Жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша «Менің ашық университеттерім» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Тугумбаева Аиса (жетекшісі — Елена Дмитриевна Самойленко) қола жүлдегер атанды.

Аиса мен Елена Дмитриевнаны лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және оларға одан әрі жетістіктер тілейміз!