Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 4-30 сәуір аралығында М.М.Қатаев ат.Оқушылар сарайының ҰАТ бөлімі «Бум Батл» облыстық байқауын өткізді.

Конкурс балаларды, ата-аналарды және педагогтарды макулатураны қайта өңдеуге жинау және тапсыру практикасына бәсекелестік нысанда тарту, табиғатты ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпарат тарату, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы оқушылардың өздерінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну мақсатында өткізілді.

Жалпы қатысушы мектептер 1 тонна 283 кг макулатура жинап, қайта өңдеуге тапсырды. 1 тонна макулатура 200 текше метр су мен 1000 кВт/сағ электр энергиясын үнемдейді, 60 кг макулатура 1 ағашты кесуден сақтайды. Байқау шарттары бойынша макулатураны тапсырудан түскен қаражатты мектептер қайырымдылыққа бағыттады.

Байқау жұмыстарын қазылар алқасының мүшелері бағалады:
Қапашев А.Р. – балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жабық топырақ бөлімінің меңгерушісі.
Губар Н. Н. – балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Экология» бөлімінің меңгерушісі.
Оразбаева А. А. — әдіскер, biogreen М.М.Катаев ат.Оқушылар сарайының экологиялық үйірмесінің жетекшісі.

Облыстық «Бум Батл» байқауының қорытындысы бойынша №2 ЖОББМ 2 орын алды.
Құттықтаймыз!