Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 28 наурыз айында «№1 ЖОББМ» КММ жанындағы «Балауса» шағын орталығының базасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өтті.

Оның мақсаты: мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсібі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, білім беру үдерісінің сапасына оң әсер ететін қызметті қолдау және мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін ынталандыру.

Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері: Б.Ж.Нұрахметова («№1 ЖОББМ»КММ жанындағы «Балауса» шағын орталығы), О.Ю. Якубовская («Светлячок» балабақшасы), О.А.Кирилова («Михайлов ОЖББМ» жанындағы «Солнышко» шағын орталығы), К.Е. Темиргалиева («Балапан» бөбекжайы) қатысты.
Конкурсқа қатысушылары: әдістемелік портфолио, «Педагогикалық олжа» диалог алаңы (бейне-презентация), «Балалармен ұйымдастырылған іс-әрекет» критерийлері бойынша бағаланды. Конкурстық жұмыстарды Железин ауданының білім беру бөлімінің РМК әдіскерлері құрамындағы қазылар алқасының мүшелері бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Темірғалиева К.Е., «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі және Якубовская О.Ю., «Светлячок «балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі бөлісті. Екінші орынды №1 ЖОББМ жанындағы «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Б.Ж.Нұрахметова, 3 орынды «Михайлов ОЖББМ» КММ жанындағы «Солнышко» шағын орталығының тәрбиешісі О.А. Кирилова иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар, қатысушыларға білім бөлімінің сертификаттары табыс етіледі. Бірінші орын алған қатысушылар конкурстың облыстық кезеңінде ауданның атынан қатысады.