Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылы 19-қаңтар күні біздің ауданымыздың екі оқушысы облыстық «Шәкәрім оқуларына» қатысты.
Шараның негізгі мақсаты мен міндеттері:
— қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру;
— Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;
— ақын шығармаларына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Облыстық «Шәкәрім оқуларынан» Екішоқ НЖББМ 9-сынып оқушылары Кенжебаева Ақбота 2 орынға ие болды және Шады Ұлар қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.