Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 18 тамызында НЗМ (Назарбаев Зияткерлік мектебі) базасында ПШО филиалы Республикалық тамыз конференциясы аясында «Пәндік құзыреттілік – мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор» атты секциялық отырыстарын өткізді.

Конференцияның мақсаты – оқу жылының басында педагогтерге әдістемелік-нұсқаулық қолдау көрсету, сабақта тиімді іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша ұсынымдармен қамтамасыз ету, өңірлік деңгейде педагогтерге үздік тәжірибелерін таратуға мүмкіндік беру.

Секция отырыстарында:
— «Педагогикалық шеберлік шыңына» шеберлік сабақтар фестивалі;
— «Күрделіні қолжетімді ету» пәндік практикумдар;
— мұғалімдердің зерттеу тәжірибесінің панорамасы (постерлік таныстырылым);
— кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды.

Шеберлік сабақтарын ауданымыздың келесі мұғалімдері көрсетті: Сыздыкова Ж.К.  (Ш.Уәлиханов ат. ЖОББМ) — «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылдық дағдыларының саралау әдебиеті арқылы дамыту», Рой А.В.  (№2 ЖОББМ) — «BotTeach: разработка Телеграм-ботов в обучении английскому языку».

Облыстық секциялық іс-шаралардың жұмысына келесі мұғалімдер қатысты: Итыбаева А.К.  (№1 ЖОББМ), Жусипова М.С.(Озерный НЖББМ), Карибаева К.Е.(Башмашын ЖОББМ), Мукушев А.С.(Башмашын ЖОББМ), Румянцева О.А.  (Башмашын ЖОББМ), Чужаева А.С. (М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ), Даулетов А.Т. (М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ), Свиридова М.Р.  (Береговой НЖББМ), Сницарь Д.В.  (№2 ЖОББМ), Байдуманов А.С.  (№2 ЖОББМ), Тлебалдина Ж. А. (Еңбекші НЖББМ), Мейрам С. (Аққайын селосының НЖББМ), Жалатбекова М.К. (Новомир ЖББОМ), Сыздыкова Д.К. (Захаров НЖББМ), Абдигалиева З.К. (Башмашын ЖОББМ), Иманбалинова А.К.  (ЖОББМ №1 шағын орталығы).