Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 18 сәуір күні М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің базасында облыстық «Жас кемеңгер» сырттай оқу  мектебінің рейтинг олимпиадасы 8 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану және биология, химия, физика, география) өткізді. І турдың екі кезеңі қазан – қараша аралығында, ІІ турдың екі кезеңі ақпан – наурыз аралығында өткізіліп, барлық пәндер бойынша қорытынды олимпиада сәуірде аяқталды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды анықтау, олардың жоғары деңгейлі күрделіленген тапсырмаларды өздігінен орындау және шығармашылық қабілеттерін дамыту және іске асыруға жағдай жасау; облыстық және республикалық жарыстарда нәтижелілігін арттыру.

Облыстық олимпиадаға ауыл мектептерінің 5-7 сыныптары қатысты. Ауданымыз бойынша 118 оқушы тіркеліп (І және ІІ турына қатысты), рейтинг олимпиадасына 43 оқушы өтіп, олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы  3 — орынға ие болды.

Қазақ тілі пәнінен: М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Мұхаметқали Меруерт – 3 орын.

Ағылшын тілі пәнінен: №2 ЖОББМ-нің 5 – ші сынып оқушылары Акылова Жансая , Бекет Алтынай — 3 орын.

Математика пәнінен: №2 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Исин Темирлан – 3 орын.

География пәнінен: Веселая Роща ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Борамбаева Аружан – 3 орын.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!