Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Железин ауданы мектептерінің басшылары мен педагогтарына «Педагогтерді аттестаттаудың ережелері мен шарттары» жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол қазіргі уақытта қаралуда. Педагогтерді аттестаттау рәсімі бойынша жаңа ұсыныстар енгізілді: тестілеу пәндік білім бойынша өткізіледі. Оқыту сапасының мониторингіне ББЖМ нәтижелері кірді. «Ұстаз » педагогінің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында педагогтардың портфолиосын қалыптастырады.