Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылы сәуір айында Павлодар облысының мектеп оқушылары арасында «Қ.И. Сәтбаев және бүгінгі Қазақстан» такырыбындағы шығармалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаттары: патриотизмі дамыту, білім алушыларды өз мемлекетінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын терең зерттеуге назар аудару, дарынды балаларды анықтау және қолдау.

Байқауға облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары катысты. Шығармалар қазақ және орыс тілінде ұсынылды.
Комиссия байқауға өтінім берген оқушыларын бағалау критерийлеріне сәйкес қарап, бағалады. Байқау қорытынды бойынша ІІ орынға Баужанова Дарина (Т.П. Праслов ат. Приртышск ЖОББМ), ІІІ орынға Багалей Надежда (Михайлов ОЖББМ) ие болды.

Құттықтаймыз!