Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 5 желтоқсанында «Зерттеу әдістерін қолдану арқылы жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық қашықтық форматта семинар өтті. Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Павлодар облысы бойынша КДИ» филиалының аға оқытушысы Ж.А.Слямова жүргізді.

Мақсаты: химия және биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Жанар Амантайқызы Қазақстан Республикасы оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша ББЖМ-2023 нәтижелерін талдаумен таныстырды. Семинар аясында Павлодар және Екібастұз қалаларының мұғалімдері химия және биология сабақтарында контекстік тапсырмаларды қолдану арқылы білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Соңында қорытындылар шығарылып, ұсыныстар айтылды. Тыңдаушылар өткізілген әдістемелік іс-шараның өзектілігін, мазмұнын және пайдалылығын атап өтті. Облыстық семинар жұмысына Железин ауданының 18 биология және химия мұғалімдері қатысты.