Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 26 қазанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 1000 мектептің тізіміндегі тәлімгерлер мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен қашықтық форматта республикалық кеңес өтті, онда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Білім берудегі әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Саркен Роза Сәкенқызы орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру туралы сөз сөйледі. «НЗМ» ДББҰ Астана қаласы Халықаралық мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Тоқтанова Ардақ Қайсарқызы мен Мұхитқызы Әлемгүлдің бағалау бойынша зерттеулер туралы баяндамасы жаңашыл болды. Оқушылардың өзін-өзі бағалауға, үш жақты конференцияға (мұғалім-ата-ана-оқушы), оқушылар мен ата-аналарға түсінікті дескрипторлары бар қолжетімді критериалды бағалауды үйретуге баса назар аударылды. Жоғарыда аталған әдістемелік шараға Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова, «№2 ЖОББМ» КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Жаналинова және «Жолтаптық НЖББМ» КММ басшысы Ж.Қ. Асқарова қатысты.