2023 жылдың 31 қазанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 1000 мектептің тізіміндегі тәлімгерлермен және басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен республикалық қашықтық форматта кеңес өткізілді, онда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Х.Күкбаде атындағы мектеп – гимназиясының басшысы Г.С. Ермекова және басшының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары О.Б. Қуатова орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру туралы айтты.
Критериалды бағалау жүйесін Назарбаев Зияткерлік мектебінің Педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшысы Аулбекова Айнұр Жұмаханқызы таныстырды. Ұсынылды: ББЖМ тесттерін құрастыру кезінде барлық тапсырмаларды тек оқулықтан алыңыз. Білім беру ұйымдарының басшыларына ұсыныс жасалды: МІБ мектеп мұғалімдерін жазалау құралы ретінде пайдаланбау.
Әдістемелік іс-шараға: Железин аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Машкова Г.А. , басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жаналинова Г.К. (КММ «№2 ЖОББМ») және Сеитова А.Е. («Екішоқ НЖББМ» КММ), басшылары Асқарова Ж.К. («Жолтаптық НЖББМ» КММ) және Константинова Л.Г. («Пятерыжск НЖББМ» КММ) қатысты.