Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылғы 7 қарашада білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 1000 мектептің тізіміндегі тәлімгерлер мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен қашықтық форматта республикалық кеңес өтті. Онда Түркістан облысының мектепішілік бақылау мәселелерін іске асыру тәжірибесі талқыланып, PISA және ББЖМ зерттеулерінің мәселелері жан-жақты қарастырылды. Кеңес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің орынбасары М. Мелдебекованың төрағалығымен өтті. Әдістемелік іс-шараға қатысты: Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Машкова Г.А., оқу ісі жөніндегі орынбасары Сеитова А.Е. («Екішоқ НЖББМ» КММ), басшылары Аскарова Ж.К. («Жолтаптық НЖББМ» КММ) және Константинова Л.Г. («Пятерыжск НЖББМ» КММ).