2023 жылғы 14 қарашада білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 1000 мектептің тізіміндегі тәлімгерлер мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен қашықтық форматта апта сайынғы республикалық кеңес өтті. Онда Қызылорда облысының мектепішілік бақылау мәселелерін іске асыру тәжірибесі талқыланып, тәлімгерлік мәселелері бойынша бейне және презентация материалдары егжей-тегжейлі ұсынылған. Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Әдістемелік іс-шараға қатысты: Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Машкова Г.А., оқу ісі жөніндегі орынбасары Сеитова А.Е. («Екішоқ НЖББМ» КММ), басшылары Аскарова Ж.К. («Жолтаптық НЖББМ» КММ) және Константинова Л.Г. («Пятерыжск НЖББМ» КММ).