2023 жылдың 28 қарашасында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша тәлімгерлермен қашықтық форматта республикалық кеңес өткізілді. Онда мұғалімдерді аттестаттау ережелері және ББЖМ – 2023 бойынша слайд-презентациялар көрсетілді. Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму платформасы – мұғалімнің қызметі туралы мәліметтерді жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық-аналитикалық жүйе ең үлкен жетістік болып табылады. Мерзімінен бұрын сертификаттау түсінігі алынып тасталды. Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Әдістемелік іс-шараға Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.