2023 жылдың 19 желтоқсанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша тәлімгерлермен қашықтық форматта республикалық жиналыс өткізілді.
Онда Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру кезінде кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша презентациялық материал көрсетілді.
Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Әдістемелік шараға Железин ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.