Облыста өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды анықтау және оларға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Егер, сіз кенеттен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылар туралы фактілерді, қатыгездікке ұрынған балалар туралы көріп естіген болсаңыз телефондары арқылы облыс білім беру басқармасының call-center-ге 8 (7182) 650060, 87074916405 хабарласуыңызды сұраймыз.
Егер, сізге немесе балаларыңызға психологиялық көмек қажет болса, сіз тегін және жасырын негізде қызмет көрсететін психологиялық көмек кабинеттеріне немесе сенім телефондарына жүгіне аласыз:
— М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында (Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 27) «SENIM ROOM» психологиялық көмек көрсету кабинеті;
— Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында «1302», 8(800)0803434 сенім телефонымен медициналық-психологиялық көмек қызметі;
— «AMANAT» партиясы жанындағы «Шұғыл қызмет 111» байланыс орталығы жұмыс істейді.