Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25 қаңтар күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Аққу» жобасы аясында «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты облыстық байқауы өтті. Аталмыш шараға қала, аудан бойынша бірінші турдан өткен 14 оқушы қатысты.
Сайыс 4 турдан тұрады. Олар: «Аққу» клубы арқылы мен не алдым?» тақырыбындағы презентация қорғады. «Шеше көрген тон пішер» байқауында ұршық иіріп, жүн түтті, «Ақылына көркі сай» — білгірлер сайысында өз білімдерін ортаға салды, «Тақия тігеміз!» байқауында қолөнерші қыздар тақия пішті.
Конкурстың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлттық қолөнерімізді дәріптеу. Сайыстың құрметті қонағы — «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы және ардақты әже – Ғалия Сұнғатова.
Айта кетсек, аймақ бойынша 2021 жылы «Аққу» облыстық жобасы іске қосылып қыз балаларға арналған клубтар ашылды. Бұл жоба жасөспірім қыздардың әлеуметтік-құқықтық және психологиялық құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау, психологиялық күйзелісті жеңуге, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды зерделеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.
Сайыс қорытындысы бойынша, 3 орынға М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Олжабаева Айару (жетекшісі: Кусаинова А.Е.) ие болды.
Құттықтаймыз!