Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында аймақтық тәлімгерлермен кездесу өтті, онда Қарағанды қаласындағы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тукбаева Зауре Исенгельдиновна облыс орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті директорының орынбасары Ризагүл Серікқызы Сыздықова Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы туралы айтты. Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Республикалық әдістемелік шараның жұмысына аудандық әдістемелік кабинетінің білім бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.