Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 26 қаңтарында АӘК бұқаралық спорттық жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларға арналған кешенді Гимназиада аясында 2006 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында стритболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа ұлдар мен қыздардан құралған 7 команда қатысты: №1 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ, Т.П. Праслов атындағы ЖОББМ, Пятерыжск НЖББМ, Башмашын ЖОББМ, Алакөл ЖОББМ.
Нәтижелері бойынша жүлделер келесідей бөлінді: ұлдар арасында: 1 орын – №2 ЖОББМ, 2 орын – №1 ЖОББМ, 3 орын – Алакөл ЖОББМ; қыздар арасында: 1 орын – №2 ЖОББМ, 2 орын – Алакөл ЖОББМ, 3 орын – №1 ЖОББМ. Жалпы білім беретін негізгі мектептер арасында ұлдар мен қыздар арасында 1 орынға Пятерыжск НЖББМ берілді. Барлық командалар Железин ауданның білім беру бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
2024 жылдың 1-2 ақпаны аралығында Железин ауданының құрама командасы кешенді Гимназиада құрамында стритболдан облыстық жарыстарға қатысады. Сіздерге одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!