2023 жылғы 17-19 шілде аралығында Железин ауданының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер қылмысының алдын алу және білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.