2024 жылғы 24 қаңтарда білім беру бөлімі «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің психологтары В.Ю.Бахтина, И.В.Карпова, А.А.Бережнаямен бірлесіп №2 ЖОББМ базасында педагог-психологтар, тәрбие жұмысы басшылар орынбасарлары және сынып жетекшілері үшін » Кәмелетке толмағандарға моральдық-жыныстық тәрбие беру» семинар-практикумы ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты — білім беру үдерісін психологиялық сүйемелдеу үлгілерін көрсету.
Железин ауданы әкімінің орынбасары Усина Р.К. осындай семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, тәжірибемен алмасу қажеттілігіне назар аударды.
Семинарда келесі мәселелер қамтылды:
-«Кәмелетке толмағандардың адамгершілік және жыныстық тәрбиесі»,
-«Буллинг. Буллинг феноменімен жұмыс істеудің практикалық формалары»,
-«Эмоционалды интеллект».
Семинар соңында қорытындылар шығарылды.