Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 23 қазанында Павлодар облысының әкімдігінде және аудан әкімдігінде дарынды оқушыларға «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Талантты және дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысының әкімдігі 2021 жылы «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысын тағайындады. Аталмыш сыйлықақы 5 номинация бойынша табысталады: «Ғылыми-техникалық шығармашылық пен оқу-зерттеу қызметі», «Кәсіби шеберлік», «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік», «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Жоба жеңімпазымыз төсбелгімен марапатталды және 184 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.
Осы «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысына ауданымыздың екі дарынды оқушымыз марапатталды.

«Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинация бойынша «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен және сыйлықақымен облыстық, республикалық олимпиадаларының, ғылыми жоба жеңімпаздары және оқу озаты М. Дулатұлы атындығы №3 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Жұмабек Дана және №2 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Сейплденова Амира марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!