Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

26 шілдеден бастап Железин ауданының 45 оқушысы Түркістан қаласына үш күндік экскурсияға барды.  Балалар бірінші күні Шымкентте болып,қаланың көрікті жерлерімен танысты.Қалған екі күнді Түркістан қаласында өткізді.

Түркістан қаласы- Қазақстанның негізгі тарихи,рухани-мәдени орталығы деп айтуға болады.Түрлі көрікті жерлер, киелі орындар (мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Гауһар-ана кесенесі, Рабиғи Сұлтан Бегім кесенесі және т.б.) бар.

Бұл саяхат балалардың есінде ұзаққа сақталмақ.