Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 26-қыркүйегінде  «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық —  шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі 12 секция (1. Қазақ тілі мен әдебиеті; 2. Орыс тілі мен әдебиеті; 3.Ағылшын тілі; 4. Математика, қолданбалы математика; 5. Физика, космос; 6. Туризм және спорт; 7. Тарих, өлкетану; 8. Этномәдениеттану;  9. Химия, биология; 10. Медицина, психология, экология; 11.Информатика, робототехника SNEM инженерия; 12. Технология және өнер) бойынша 56 жоба ұсынылды.

Ал конкурс жұмыстарын бағалау келесі бағалау критерийлері бойынша жүзеге асты:

  • Шығармашылық тәсілдеме;
  • Ғылыми ойлауы;
  • Тақырыптың ашылу дәрежесі;
  • Жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі;
  • Шешендік шеберлігі, тақырыпты көрсету әдісі.

Жеңімпаздарды әрбір секция және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген екі жас тобы бойынша анықталды.

          І орынға ие болған оқушыларымыз: №1 ЖОББМ-нің оқушысы Сулейменов Алихан, №2 ЖОББМ-нің оқушылары Грудко Александра, Ашимжанова Бибинур, Әділбеков Санжар, Шарипова Адель және Мордвичева Дарья, Аққайың НЖББМ-нің оқушысы Сәрсенбаев Ильяс, Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ-нің оқушысы Досмагамбетов Ильдар, Веселая Роща ЖОББМ-нің оқушысы Самсонова Инесса, Абай НЖББМ-нің оқушысы Абусеит Жансая.

           ІІ орынға ие болған оқушыларымыз: №1 ЖОББМ-нің оқушылары Малаев Ансар, Ханенко Адлет және Боргардт Елена, №2 ЖОББМ-нің оқушысы Юрченко Каталея, М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің оқушылары Қайырбек Ерсұлтан және Қлышбай Кәусар, Береговой НЖББМ-нің оқушысы Ковалева Анна, Веселая Роща ЖОББМ-нің оқушысы Мизев Матвей, Михайлов ОЖББМ-нің оқушылары Члудян Нарэк және Ивченко Елена, Новомир ЖОББМ-нің оқушылары Қабдеш Бексұлтан және Скаков Керей, Еңбекші НЖББМ-нің оқушысы Назарбай Руфия, Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ-нің оқушысы Баужанова Руфина.

           ІІІ орынға ие болған оқушыларымыз: №1 ЖОББМ-нің оқушылары Бауыржан Ерасыл және Булатбаева Салтанат, №2 ЖОББМ-нің оқушылары Бекет Аружан және Лысенко Лилиана, М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің оқушылары Сейітқызы Фариза және Мухаметқали Меруерт, Новомир ЖОББМ-нің оқушысы Абибулаев Алихан, Буденов НЖББМ-нің оқушысы Марков Родион, Ш. Уәлиханов ЖОББМ-нің оқушысы Жумагелди Айдана, Аққайың НЖББМ-нің оқушысы Мейрам Әмір.

Жүлделі орын алған оқушыларымызды құттықтаймыз!

Бірінші орын алған оқушыларымыз облыстық кезеңіне ауданымыздың атынан қатысатын болады.