Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2024 жылғы 25 қыркүйек күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.
Байқауға қатысушылар экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды келесі тақырыптар бойынша ұсынды:
– елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау;
– менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;
– біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.
Ұсынылған 7 жұмыстарды саралап, бағалау шарттарына сәйкес ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді анықтау барысында №1 ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Литневская Ангелина – І орын, №2 ЖОББМ-нің 8, 10 сынып оқушылары Шарипова Адель және Добровольская Мария – 1 орын, Прииртышск ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Баужанова Дарина – 2 орын, Березов НЖББМ-нің оқушысы Шеломицкая Ксения – 3 орын.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!