АӘК жұмыс жоспарына сәйкес, 30 қарашада №2 ЖОББМ базасында жас педагогтерге арналған «Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты-жас педагогтердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Семинарды АӘК меңгерушісі А.С.Баймикенова ашты.
Семинарға 15 жас педагог қатысты. Семинарда №2 орта мектептің келесі педагогтері: Торопчанина Т. В.-педагог-психолог (тренинг элементтерімен кеңесу: «Психологиялық жайлылық, оқушының жеке басын дамуының негізі ретінде), Жаналинова Г. К. — БОЖО («Сабақты тиімді жоспарлау»), Рой А.В. — БОЖО («Мектепте оқушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру»), Крестьянинова И. Н. — БОЖО («Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық сүйемелдеу»), Садыкова А.К. — бастауыш сынып мұғалімі («Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытудың ерекшеліктері»), Калюжная Е.В. -мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі («Заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, мектепалды даярлықты ұйымдастыру»), Шарипова С.А.- БАЖО («Білім беру процесінде web-ресурстарын пайдалану») сөз сөйледі.
Қорытындылау кезінде кері байланыс алынды, онда өз жұмыс тәжірибесімен №1 орта мектептің мектепке дейінгі білім берудің жас маманы Садбекова М.З. бөлісті. Нәтижесінде қатысушылар семинардың ұйымдастырылуына риза болып, алған білімдерінің жаңалығын бағалады.