2024 жылғы 3 сәуірде аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес №1 ЖОББМ мәжіліс залында ауданның білім беру бөлімінің басшысы М.К. Алшимбаеваның қатысуымен «Жазғы кезеңде оқушылардың демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» атты аудандық семинар-кеңес өтті. Семинар мектеп басшылары, мектеп басшыларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, психологтар және аға тәлімгерлер үшін ұйымдастырылды. Семинарға аудандық полиция бөлімінің, төтенше жағдайлар бөлімінің, ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, ауданның маңсап орталығы филиалының, «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығының, Железин аудандық ауруханасының өкілдері шақырылды.
Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Н.А.Ермоленко жазғы кезеңде оқушылардың демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
Мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы демалысты ұйымдастыру кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Д. Т. Смағұлова ақпарат берді.
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстары туралы ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы А.Ж. Кламбеков және ауданның ТЖ бөлімінің аға инженері А.К. Азамат әңгімеледі.
Ауданның маңсап орталығы филиалының маманы В. Д. Чуприков жазғы кезеңде оқушыларды жұмыспен қамту ұйымдастыру туралы айтып берді. «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасу туралы ақпаратты ЖБДО «Айбат» әдіскері И.Н. Чикишев ұсынды.
Жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, жарақаттанудың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмыс туралы аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы И.И. Балгужинова айтып берді.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу бойынша Железин аудандық ауруханасының маманы Н.В. Волкова сөз сөйледі.
Семинар-кеңес барысында тыңдаушылар спикерлерге қызықтырған сұрақтарын қойды. Іс-шара соңында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар айтылды. Семинар-кеңестің қорытындысын ауданның білім беру бөлімінің басшысы М. К. Алшимбаева қорытындылады.