Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алшимбаева Маржан Қадырқызы 1968 жылы Новосибир облысы Қарасук ауданы Нижне-Баяновка селосында дүниеге келген. 1991 жылы Новосибир мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2022 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 1989 жылы Екібастұз қаласының Қарасор толық емес орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1992-2001 жылдары – Екібастұз қаласының Солнечный к. ЖОББМ № 16 физика пәнінің мұғалімі, басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2001 – 2007 жылдары – №16 ЖББОМ директоры, 2007 – 2011ж.ж Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ директоры. 2011 – 2019 жылдары – Солнечный кентінің әкімі. 2019 – 2023 жылдары – Ленинский кентінің әкімі. 2023 жылдың 15-қыркүйектен – Железин ауданының білім беру бөлімінің басшысы лауазымында істейді.