Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 6 наурызында «Арман» спорт кешенінде 7-8 сынып оқушылары арасында гандболдан аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа №1 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, Башмашын ЖОББМ, Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ, Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қатысты.
Жарысты: БЖСМ жаттықтырушысы Г. Н.Пупков, №2 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі И.Г. Минко бағалады.
Өткізілген барлық ойындар барысында: 1 орын – №2 ЖОББМ, 2 орын – №1 ЖОББМ және 3 орын – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ.
Командалар Железин ауданының білім беру бөлімінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.