2024 жылғы 13 ақпанда менторлармен, басшылармен Білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша қашықтық форматта республикалық жиналыс өткізілді. Жиналыста Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетінін , Қазақстан Республикасының 2421 шағын жинақталған мектеп жұмылдырылатынын түсіндірді. Білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін ҚР Білім Министрлігінің №273 бұйрығына сәйкес мектептерді дамыту бағдарламаларын жаңарту және мектепішілік бақылау, сабаққа қатысу қорытындылары бойынша курстық дайындықты қажет ететін педагогтердің қосымша тізімін жасау ұсынылды, мұғалімдер әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатыса отырып, Инновациялық-педагогикалық идеяларды, авторлық бағдарламаларды көрсетуі тиіс. Республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын бағалау орталығы директорының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы Ғабдушев оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік кешенді таңдау туралы айтып берді. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әдістемелік іс-шара жұмысына мектеп басшылары мен Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері қатысты.