Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айында Железин ауданы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері мен 7-11 сынып оқушылары арасында «Abai’s creation» мәнерлеп оқудың аудандық шығармашылық онлайн-байқауы жарияланды. конкурсқа барлығы 13 өтінім мен жұмыс келіп түсті.
Байқаудың мақсаты-Абай Құнанбаевтың білім беру үдерісіндегі еңбектерін терең зерттеуге қызығушылығын ояту және насихаттау мақсатында аудан педагогтарының шығармашылық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасау. Абай шығармаларын шет тілі мұғалімдері мен аудан мектептерінің оқушылары арасында насихаттау.
Байқауға қатысушылар Абай Құнанбаевқа арналған өз шығармаларын ағылшын тілінде және Абайдың Қара сөздерінің бірін ағылшын тілінде дайындап, мәнерлеп оқуы керек еді. Айта кету керек, бұл байқау алғаш рет өткізілгенімен, мұғалімдер мен оқушылар арасында сөзсіз қызығушылық тудырды.
«Abai’s creation» аудандық шығармашылық конкурсының қорытындысы бойынша 1 орынға — Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ оқушысы Толстова Валерия, 2 орынға – Веселая роща ЖОББМ оқушысы Бисембаева Дильназ, 3 орынға — М. Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ оқушысы Иманұлы Алдияр ие болды. «Шешендік талант» номинациясында Веселая роща ЖОББМ оқушысы Самсонова Инесса; «Үздік оқырман» номинациясында — М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ оқушысы Сарымова Альдина; «Эмоционалдылық және мәнерлілік» номинациясында — Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ оқушысы Аубакирова Ажар, Веселая роща ЖОББМ оқушысы Дунаев Анатолий иеленді. «Жеңіске деген ерік — жігері үшін» номинациясында Алакөл ЖОББМ оқушысы Мұраталиева Сабрина, Моисеев ЖОББМ оқушысы Увалит Мөлдір марапатталды.
АӘК қатысушыларды дайындаған мұғалімдерге алғысын білдіреді.