Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 27 ақпанында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім бөлімінің «Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББМ» КММ-де «Білім үрдісін жетілдіру арқылы өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум өтті. Барлық облыс пен қала, аудан мен ауыл мектептерінен мұғалімдер қатысты. «Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББМ» КММ басшысы Ш.Д.Кариеваның бастауымен семинар салтанатты түрде ашылуы болды. Алматы, Өскемен, Павлодар, Ақсу, Мәскеу қаласынан білікті, білімді, өз мамандығының қас шебері мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісті. Біз Железин ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Т.Т.Ахметова, Ж.А.Жамбусинова, Г.С.Тагаева, Г.К.Жаналинова және мектеп басшысы Ш.К.Қантарбаева қатысты. Алматы облысынан телекөпір (онлайн) арқылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедра меңгерушісі, PhD доктор-Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы телекөпір арқылы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Әр пән бойынша мұғалімдер өз шеберлік сағаттарын көрсетті. «Оқуға құштар мектеп» республикалық жоба аясында «Во всем мне хочется дойти до самой сути» (WORKSHOP) — орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Л.А.Сейлханова мен Д.А.Аипова басқарған тәжірибесі мол педагог-шеберлік маманы бар мұғалімдер өз сабақтарында топқа бөліп 1-топ (мұғалімдер), 2-топ(оқушылар), 3-топ(ата-аналар), 4-топ(кітапханашылар) арасында өте қызықты сұрақ-жауап арқылы сайыс өткізілді. Бізде Железин ауданының Еңбекші НЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.А.Жамбусинова 1-(мұғалімдер) тобына қатысып, өз шеберлігін көрсетті. Қатысқаны үшін сертификат табыстады. Республикалық семинар-практикум биік деңгейде өтті. Ақсу қаласының Абай ЖОББМ мектебіне алғысымыз шексіз.