Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 5 ақпанда М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-де Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары-әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының бастығы полковник А.Ж. Шадиев және Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы полковник А. С. Ережепов Железинка с. ЖОББМ-нің 10-11 сынып оқушыларымен әскери қызметтің беделін арттыру және әскери оқу орындарына түсу бойынша оқушыларға үгіттеу бойынша ерлік сабағын өткізді.

Оқушыларға мерзімді қызмет өткергендер үшін әлеуметтік жеңілдіктер, сондай-ақ оқуға түсу шарттары, әскери оқу орындарында оқудың және одан әрі әскери қызмет өткерудің артықшылықтары, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат жеткізілді.