Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпанда №1 ЖОББМ базасында мектепке дейінгі және мектепалды тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіндегі заманауи үрдістер» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарды АӘК әдіскері Г.Т. Итыбаева ашты, ол семинардың тақырыбы мен мақсатын ұсынды, сондай-ақ күтілетін нәтижелер туралы айтты.
Семинарда «Светлячок» балабақшасының тәрбиешілері мен психолог Н.Ю.Шархун, О.Ю.Якубовская және З.Ж.Сагнаева; «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі А.К.Бекбулатова; «М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі А.М. Устапаева; «Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері А.К.Музина и Д.Ж.Итыбаева; «№1 ЖОББМ» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі М.З.Садбекова; «№1 ЖОББМ» «Балауса» шағын орталығының музыка жетекшісі Н.Ж.Керимбеков.
Қатысушылар әдістемелік іс-шараның өзектілігін, пайдалылығы мен уақтылығын атап өтті. Семинар соңында қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді, іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шараны өткізуге қолайлы жағдай жасағаны үшін мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.