Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Павлодар облысында 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өткізіледі.

Биыл жылы акция «Жақсылықты жаса» ұранымен өтеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу.

Акция аясында қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік әріптестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.