2024 жылғы 22-23 сәуірде Железин ауданында ОблПМПК мамандарының көшпелі отырысы өтті.
Жұмыстың мақсат балалардың білім беру бағытын анықтау, оқыту бағдарламасын растау және өзгерту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде әдістемелік көмек көрсету болды. Сондай-ақ, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері, басшылардың оқу жөніндегі басшылар орынбасарлары, педагог-психологтердің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді, оның барысында жоғарыда аталған қатысушыларға консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді.
«Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ басшысы А.К. Адамова қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Екі күндік жемісті жұмыс барысында облыстық ПМПК мамандары мен басшысы ата-аналармен, педагогтермен және әдіскерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ПМПК басшысы А.К. Адамоваға және ПМПК мамандарына үлкен алғысымызды білдіреміз, одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз. Сондай-ақ №1 ЖОББМ басшысы Е.А. Бегус, №1 ЖББОМ әкімшілігі мен ұжымына ПМПК жұмысына жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз.