Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 19 сәуірінде Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен «Оян, Қазақ!» атты  аудандық Міржақып оқулары өткізілді.

Жалпы ауданның 14 мектебінен 40 бала қатысты. Қорытынды бойынша:

  • «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты…» — М.Дулатұлы шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу бағыты бойынша: І орын — Екішоқ ЖБНМ оқушысы Мұхтар Гүлзада, М.Дулатұлы ат.№3 ЖББОМ оқушысы Абибулла Аян; ІІ орын — Новомир ЖББОМ оқушысы Абибуллаев Алихан, Екішоқ ЖББНМ оқушысы Кенжебаева Ақбота, ІІІ орын — Еңбекші ЖББНМ оқушысы Шамшитова Ақмарал, Алакөл ЖББОМ оқушысы Мураталиева Сабрина, Железин №2 ЖББОМ оқушысы Чуприкова Ева.
  • «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден…» — М.Дулатұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша эссе жазу бағытында І орын — Екішоқ ЖББНМ оқушысы Шады Ұлар, ІІ орын — Еңбекші ЖББНМ оқушысы Нұрсарина Гүлнұр, ІІІ орын — Жаңа жұлдыз ауылының ЖББОМ оқушысы Темірболат Алина.
  • «Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай» — жас дарындар байқауында М.Дулатұлы ат.№3 ЖББОМ оқушылары Олжабаев Ерсұлтан ІІ орын, Жұмағали Ералы ІІІ орынға ие болды.

Жүлделі орын алған балаларымызды құттықтаймыз!