Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 20 ақпанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша менторларымен, басшыларымен республикалық қашықтық форматта жиналыс өткізілді. Әдістемелік жиналысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов жүргізді.

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Думан Набильевич Сапаков слайд-презентациясын көрсете отырып, мектептің даму жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру арқылы мектептің миссиясы мен көзқарасын жүзеге асыру туралы айтып өтті.

Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әдістемелік іс-шара жұмысына мектеп басшылары мен Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері қатысты.