Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Білім беру бөлімінің күнтізбелік спорттық-бұқаралық жоспарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтарда №2 ЖОББМ базасында 2006 жылғы туған жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында оқушылардың кешенді Гимназиада есебіне шахматтан аудандық жарыстар өткізілді.
Жарысқа 11 команда қатысты. НЖББ мектептер арасында жарыс аяқталғаннан кейін: 1 орынды Береговой НЖББМ командасы, 2 орынды Березовка НЖББМ командасы, 3 орынды Еңбекші НЖББМ командасы иеленді.
Ауданның ЖОББМ командалары арасында: 1 орынды №2 ЖОББМ, 2 орынды №1 ЖОББМ, 3 орынды М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ иеленді. Барлық командалар білім беру бөлімінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.