Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 23 ақпанда «№ 2 ЖББОМ» КММ базасында «Педагог-психолог, әкімші, тәлімгер — өзара әрекеттестіктегі ынтымақтастық» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.
Семинарға қатысушылардың жалпы саны-65 адам. Семинар жұмысына мектеп басшыларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, аға тәлімгерлері, шақырылған қонақтар — М.Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ-нің «Даналық мектебі» клубының белсенді қатысушылары қатысты.
Модераторлар АӘК әдіскерлері Н.А. Ермоленко және А.К. Булатбаева болды.
Семинардың мақсаты — педагогтарға тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мектепте өзін-өзі басқару, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы, тәжірибе алмасу мәселелерін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету болды. Спикерлер басшының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары: Е.Г. Проскурякова (№2 ЖОББМ), О. В. Зайцева (Михайлов ОЖББМ), С. Д. Сейілханова (М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ), Дүйсекеева К. Р. (Алакөл ЖОББМ), Баужанова А. Х. (Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ), Лысенко С.А. (№1 ЖОББМ) болды.
Сейілханова С. Д., М. Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ басшысының м.а. «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйледі. «Даналық мектебі» клубының мүшелері А.Өтегенов, Р. Кобыкова, Т. Солимова мектепте әкелер кеңестері, аналар кеңестері, ата-әжелер кеңестері қалай жұмыс істейтінін айтып берді.
Аудан педагогтары үшін «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы: мақсаттар, міндеттер, құжаттама», «Отбасы мен мектептің өзара іс — қимылы — табысты тәрбиенің кепілі», «Балалардың әл-ауқаты-оң тәрбие мәдениеті арқылы», «Интернеттегі бала: бақытты ортаны қалай табуға болады» сияқты өзекті тақырыптарға шеберлік сыныптары өткізілді.
«Тәлімгердің кейсы» тақырыбында Ш.Уәлиханов ат. ЖОББМ-нің аға тәлімгері Шефер Н.В. сөз сөйледі. Ол мектептегі аға тәлімгердің істер номенклатурасы туралы айтты және құжаттамасы мен папкаларын ұсынды.
«Мектеп медиациясы» тақырыбы бойынша ақпаратты Захаров НЖББМ-нің аға тәлімгері Мотынга М.С. ұсынды. Ол мектепте медиацияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, бұл кәмелетке толмағанның қатысуымен жанжалды жағдайды адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктер толық сақталған жағдайда сот талқылауын пайдаланбай шешуге мүмкіндік береді.
М. Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ-нің және Михайлов ОЖББМ аға тәлімгерлері Ханенко А.А. және Савченко Т.Д. мектеп көшбасшыларының командасын құру және оны жетістікке қалай ынталандыру туралы айтты.
Семинар қорытындысын әдіскерлер Н.А. Ермоленко, А.К. Булатбаева қорытындылады. Кездесу соңында спикерлерге тәжірибе алмасу үшін сертификаттар табысталды.